Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Швейцария президенттері Берн тарихи музейінің Анри Мозер топтамасындағы XIX ғасырдың қолөнер туындыларын тамашалады

Келіссөздер аяқталған соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Президенті Ги Пармелан белгілі дипломат және саяхатшы Анри Мозердің бірегей экспонаттар топтамасындағы керемет жәдігерлердің бірі – қазақтың барқыттан жасалған тұскілемін бірге тамашалады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Аталған жәдігерді қазақ сұлтаны Баймұхаммед XIX ғасырда швейцариялық дипломатқа тарту еткен. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында аталған жәдігер екі ел арасындағы мәдени байланыстардың ерекше символына айналды.

Анри Мозердің топтамасында тұскілемдер, ұлттық қарудың түрлері: айбалталар, қылыштар, қанжарлар, сондай-ақ ат әбзелдері және басқа да бұйымдар бар. Қазақ даласының билеушілері аталған жәдігерлерді зерттеушіге сыйлық ретінде берген және олар Швейцарияға жеткізілген.

Экспонаттардың ішінде тұскілемдердің алатын орны ерекше. Олар қазақ халқының көркем туындысы ғана емес, сонымен қатар Қазақ хандығының тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құнды материал болып табылады.

Мемлекет басшысы тұскілемнің бірегейлігін және оның тарихи құндылығын атап өтіп, аталған өнер туындысының Қазақстанда да көрмеге қойылатынына үміттенетінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді