Жер жаннаты Жетісу облысының гербі шеңбер ішінде орналасқан, мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылған.
"Негiзгі нышандардың бірі – шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары, Талдықорған қаласының символы "Жетісу монументі", Ұлы Жібек Жолының нышаны – керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген", – делінген хабарламада.
Төлтаңбаның жоғарғы жағында облыстың атауы алтын әріптермен жазылған. Жетісу облысының елтаңбасы. Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрсетілуі, жоғары көркемдік деңгейі, бірегей дизайндық шешім, түстердің үйлесімділігі мен геральдика талаптарының сақталуы бағаланған.