Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы диқандарды егін жинау нәтижесімен құттықтады

Жаппай егін жинау науқанының аяқталуына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтап, оларға денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі. Президенттің құттықтау жеделхаты Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz

"Диқандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтың жан-жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту - біздің басты міндетіміз. Барша диқанға зор денсаулық пен  бақ береке тілеймін", - делінген президенттің құттықтау хатында.
 
Айта кетейік, бүгін, 16 қазанда Қазақстанда Нан күні аталып өтуде. Мерекелік күн 2019 жылы үкімет қаулысымен бекітілген еді. Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық маманның-нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың жоғары мәртебесін нығайтуға арналған. Биыл нан өнімі бұрын белгіленген болжамды деңгейден асып түскен. Мәселен, жоспарланған 19,5 млн тонна бункерлік салмақтағы астықтың орнына бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылған.

Сонымен қатар 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналған. "Мұның бәрі нан өсірушілердің қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды", - дейді Ауыл шарушылығы министрлігінің өкілдері. Ведомство бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер астықпен отандық нарықты ғана емес, шет мемлекеттерді де қатамасыз етіп отырғанын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді