Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен 8 жасар қызын пышақтады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысындағы Аққайтым орта мектебінің директоры өз отбасын ойрандады деген күдікке ілінді. Ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелі мен сегіз жастағы қызына бірнеше жерден пышақ салған, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтамақ. Күдікті сол күні қамауға алынған.

"Ақтөбе облыстық Шалқар аудандық ПБ ҚР ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 37 жастағы күдікті анықталып, ол қамауға алынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Отбасында екі қыз бала бар. Үлкені - 8, кішісі - 1 жарым жаста. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, "Адам өлтіруге оқталу" бабымен күдіктілген ер адам Жаңақоныс ауылындағы мектепте сәуір айында директор болып тағайындалып, артынша көшіп келген. Бұған дейін Шалқар аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет істеген.

"2022 жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 6 қазаннан бастап жұмыстан босатылды", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты