Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Путин Қырым көпіріндегі жарылыс туралы пікірін айтты

Ресей президенті Владимир Путин Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесуінде өткен сенбіде болған Қырым көпіріндегі жарылыс туралы ойын айтты, деп хабарлайды РБК басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

"Бұл Ресей Федерациясының аса маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған лаңкестік әрекет екеніне еш күмән жоқ. Авторлар, орындаушылар, тапсырыс берушілер - Украинаның арнайы қызметтері", - деді Ресей президенті. Ал Тергеу комитетінің басшысы ФСБ қызметкерлері жарылысты ұйымдастырған күдіктілерді анықтағанын растаған.

"Біз жарылыс болған жүк көлігінің жүру бағытын анықтадық - бұл Болгария, Грузия, Армения, Солтүстік Осетия, Краснодар өлкесі. Сонымен қатар тасымалдаушылар, қозғалысты ұйымдастыруға қатысқан адамдар анықталды. ФСБ қызметкерлері теракт дайындауы мүмкін күдіктілерді анықтады", - деді Бастрыкин.
 
Оның айтуынша, терактіні дайындауға шетелдердің азаматтары көмектескен. Бастрыкиннің айтуынша, тергеудің алғашқы деректері "жарылысты Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырған" деп айтуға мүмкіндік береді, олардың мақсаты - "азаматтық инфрақұрылымның ірі нысанын жою" болған. Еске сала кетейік, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк пойызының соңындағы жанармай құйылған цистерна өртенген болатын. Оқиға куәгерлері жанып жатқан көпірді видеоға түсіріп алған. Оқиға салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, үш адам қаза тапқан. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады