Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық жастар Тоқаевты қолдауда

Президент сайлауы науқаны қарсаңында қоғам белсенділері мен жастар да өз пікірлерін қалдыруда.
- Биылғы жыл еліміз үшін сынақ пен өзгерістерге толы жыл болды. Жақында ғана Мемлекет басшысы кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Бүгінде соның бастапқы қадамдарын көріп отырмыз. Жаңа Қазақстанға бет алып бастаған сәттен еліміздің саяси аренасында көптеген өзгерістер орын алып жатыр.
Бүгін «AMANAT» партиясы съезд барысында өз атынан кандидат ұсынудың жаңа тәжірибесін қолданды. Партия өз атынан партияға мүше емес азаматты, яғни қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлауға үміткер ретінде ұсынды.
- Әрине, партия ретінде бұл ұстаныммен басқа да кандидаттарды да ұсынуға болар еді. Елдің бетке ұстар партиясы халықтың Президент саясатын толық қолдайтынын айқындап тұр. Себебі бірінші кезекте халықтың таңдауы ескеріледі, - дейді белсенді Айсана Қарахан.

- Халық атынан Қ.Тоқаевты ұсынуға мен де толық келісемін. Соңғы жартылжылдықтың өзінде қаншама өзгерістерге куә болдық. Олигархтардың сағын сындырып, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салды. Мемлекеттік қорға 2,9 млн гектар жер қайтарылды, бюджетіміз шетелге заңсыз әкетілген 523 млрд. теңгемен толықты.«Қайтқан малда қайыр бар» дей ме?, - деген пікірде белсенді.

- Айтыңызшы, қиын күнде халықпен бірге болған қай лауазымды тұлғаны білесіз? Арыстағы жарылыс кезінде, Мақтааралдағы су тасқындарында, Қостанайдағы өрт кезінде Президенттің ел аралап, халықпен бірге болғанына бәріміз куәміз. Қаңтар оқиғасында өз басына қатер төнген кезде де елді тастамады.

Тоқаевқа деген халықтың сенімі қандай екенін жазда өткен референдум нәтижесі көрсетіп берген. Кім не десе де, дауыс беру нәтижесі – оған берілген мандат іспеттес, - деп пікірін білдірді Айсана өз жазбасында.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысына «Aманат» партиясы ғана емес, өзге партиялар да қолдау көрсетіп жатыр. Түрлі саяси бірлестіктер, институттар Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осыған орай, бүгінгі съезде халық коалициясын құру туралы ұсыныс айтылыпты. Меніңше, бұл мемлекет ішіндегі құрылымдардың өзара бітімгершілікке, бірлікке келгеннің көрінісі.
- Айтпақшы, партияның жаңа Саяси тұжырымдамасы таза қазақша жазылып, сосын ғана орыс тіліне аударылды деп естідім! Бұл – түсінген адамға үлкен өзгеріс! Осыдан соң-ақ партия жаңарды дегенге илануға болады. Ғаламтордан ашып көріп, өзім оқып шықтым: шынымен тілі шұрайлы, оқуға жеңіл, қазақшасы сондай жатық екен.

Аманаттықтар, жарайсыңдар!

Енді Тоқаевты үміткер ретінде тіркегенде, оған Қазақстанда шынайы әділ қоғам орнатуды аманат етіп тапсыру керек.

«Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді» деген Абай атамыз..., - деп түйіндеді  Айсана Қарахан.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді