Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезіне қатысты

Жиында Елбасы «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күш екенін атап өтті.

– Партия әрдайым тұтас қоғамның мүддесін қорғап, Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігімізді сақтауға атсалысып келді. Біз зор табыстарға бірге қол жеткіздік. Ең бастысы Қазақстанның одан әрі дамуына берік негіз қаланды. Осы жүйелі жұмысты жалғастыру маңызды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев съездің тарихи мәніне тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысын партияластары қолдайтынына сенім білдірді.

– Кейінгі бір жарым жыл ішінде партия жүйелі түрде қайта жаңғырды. Оны толық басқаруды қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру бұл процестің соңғы кезеңі деп санаймын. Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс. Бүгінде Қазақстан Президентінің басшылығымен маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асуда. Барлық қажетті ресурсы бар «Nur Otan» партиясы оларды орындау барысында  сенімді тірек болуы керек, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жұртшылық жан-жақты қолдағанда ғана ел тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалардан маңызды нәтижелер болатынын айтты.

–   Ел бірлігі, тыныштық, тұрақтылық пен келісім барда ұлы мақсаттарға жетуге болатынын әрдайым айтып келемін. Біздің отыз жылдағы тәжірибеміз осыны айқын көрсетті. Бүгінде Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басып отырмыз. Бұл – жаһандық өзгерістер, күрделі әрі жауапты шешімдер кезеңі. Қазақстан жаңа дәуірдің барлық сынағынан сүрінбей өтетініне сенімдімін. Айқын мақсаттар, саяси ерік-жігер, ең бастысы халықтың қолдауы соның кепілі болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді