Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам алты жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлап өлтіргені үшін сотталды

35 жастағы ер адам алты жасар қызды ұрлап, зорлап өлтіргені үшін сотталды. Колонияда жазасын өтеуші психологқа өз қылмысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адам отбасылы. Бұрын сотты болмаған. Ол өз қылмысын не себепті жасағанын түсіндіріп бере алмайды. Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, ер адам мектепті әрең бітірген. Кейін кафеде бір қызбен танысып, үйленген. Жұмысқа орналасып, ол жерде жақсы қызметкер болған.

Жаздың бір күні ер адам түскі астан соң есігінің алдында тұрғанда кішкентай қыздың өтіп бара жатқанын байқап қалған. Такси жүргізушісі болған ер адам бұрын кішкентай қыздың анасымен бірге көлігіне отырғанын, сол кезде ойыншығын ұмыт қалдырғанын есіне түсірген.

Ер адам осыны пайдаланып, кішкентай қызды "ойыншықты қайтарып беремін, үйіне алып барамын" деп алдап шақырған. Орман алқабына жеткен кезде қызды зорлап, артынша тұншықтырып өлтірген. Кейін денесін айдалаға тастап кеткен. Қылмысын жасырғысы келгенімен, ер адам тұтқындалып 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Психологпен сөйлесу барысында, ол өз қылмысының жанына тыныштық бермейтінін жеткізген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді