Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда күдіктінің қылмысын күшпен мойындатпақ болған полицейлер қамауға алынды

Түркістан облысында күдіктінің басына қап кигізіп, қылмысты мойындатпақ болған полиция қызметкерлері қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің төрт криминалдық полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізілуде. Күдікті деп танылған тәртіп сақшыларының екеуі жұмыстан босатылған.


«Қазір Арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде Н.Өмірбековтың арызы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақшалары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулыларымен жоғарыда көрсетілген 4 күдіктіге қатысты екі айға дейінгі мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді. Түркістан облысының прокуратурасына Н.Өмірбековтен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеушісі тарапынан моральдық қысым көрсетілгені туралы жазбаша шағымы түспеген», - делінген облыстық прокуратураның ресми хабарламасында.


Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде полиция басқармасында азапталған ер адамның дауысы жазылған видео жарияланған еді. Тексеру кезінде бұл бейнежазбаның Сауран аудандық полиция бөлімінде түсірілгені анықталған. Яғни қой ұрлағаны үшін күдікті ретінде ұсталған азамат өзіне полицейлер күш көрсеткенін айтқан. Тіпті, басына қап кигізіп, ұрып-соққанын жеткізген еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады