Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Испанияның атақты футбол клубында енді тоғыз жасар қазақ баласы ойнайды

Оралдық тоғыз жасар футболшы Назар Доля Испаниядағы үздік клубтардың бірі «Левантеге» ауысты. Бұл туралы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды. 

Назар Global Football Total Levante UD академиясының базасында бапкерлердің сынағынан өтті. Талап бойынша, ол кезде әлі тоғызға толмаған оқушы бір апта бойы жабық академияда өз шеберлігін паш етуі керек еді. Елден жырақта жүріп, жат елдің әдебі мен тамағына бірден үйрене алмаса да, Назар бапкерлердің көзіне түсу үшін барын салады. Жаттығудың алғашқы екі күнінен соң клуб үйлестірушісі Назарға деген көзқарастың ерекше екенін айтқан. 

Кейін команда басшылары жас футболшыға жоғары баға беріп, баланың ата-анасына келісімшарт жасау үшін хабарласады. Қазіргі таңда Назар тәжірибесін арттырып жатыр. Ол жарты жыл бойы ата-анасынан жырақта өмір сүріп, испан тілін меңгеріп алды. Ал оның ең басты жетістігі – футбол клубымен келісімшартқа отыруы. 

Бүгінде Назардың қасында өзінің әжесі бар. Немересінің әр қадамына қуанатын әжесі оған жат елде қорған болып, бірге өмір сүріп жатыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі