Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл елімізде мал азығына 21 млн тонна шөп дайындалды

Биыл мал азығына арналған егістік алқабы 500 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдардың егіс алаңдары 3,2 млн гектардан 3,7 млн гектарға дейін ұлғайтылды. Жалпы, 2022 жылы еліміздің көптеген аймақтарында қолайлы ауа-райының жағдайы байқалады. Бұл азық дайындау науқанның сәтті өтуіне ықпал етеді», - деді министр.


Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынған жедел деректерге сәйкес, бүгінде 21 млн тонна шөп дайындалды. Бұл жоспардың 87,3 пайызын құрап отыр. Ал жоспар 24,1 млн тоннаны құрайды. Тұтастай алғанда, барлық өңірлерде мал азығын жинау жұмыстарын орындау барысының оң серпіні байқалады.


«22 тамыздағы жағдайы бойынша пішендеме дайындау 1,2 млн тоннаны немесе 90,6 пайызды, сабан 1 млн тоннаны немесе 27,4 пайызды, құнарлы азық 918 мың тоннаны немесе 17,6 пайызды және сүрлем 192 тоннаны немесе бұл жалпы жоспардың 11 пайызды құрайды. Айта кету керек, бұл азық түрлерін дайындау негізінен қыркүйек пен қазан айларында жүргізіледі. Жалпы, министрлік азық дайындау барысына тұрақты мониторинг жүргізуде», - деді Ербол Қарашөкеев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты