Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері оздырылды

Батыс Қазақстан облысында «Jas Otan» Жастар Қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде «Jastar - Otanga»  атты жастар саяси лагері өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының 12 аудан жастары, жастар ұйымдарының мүшелері, ЖОО-ның өзін-өзі басқару ұйымдары, жас журналистер, фотографтар, видеографтар, атақты спортшылар, танымал блогерлер және  «Jas Otan» ЖҚ белсенділері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қараша айының 12-14 аралығында барша белсенді жасты бір жерге жинаған лагердің мақсаты – жастардың саяси резервін қалыптастыру, дарынды, белсенді және креативті жастарды қолдау. «Jastar-Otanga» лагері әр өңірден жиналған жас көшбасшыларға жаңа идеялар мен жобалар ұсынып, түрлі   семинар-тренингтерден өтуге, тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік беретін тиімді диалогтік алаң болып саналады.

Шара тренингтер, семинарлар, пікірталас алаңдары және спорттық, интеллектуалды ойындар, топпен жұмыс жасауға бағыттайтын жаңа бағдарламаларға негізделген. Шара барысында жастар араластырылып, өзара 4 командаға бөлінді. Олар түрлі сайыстарда бақтарын сынап, үлделі орындарды өзара бөлісті.


«Jastar - Otanga» жастар саяси лагері 2008 жылдан бастап  «Jas Otan» Жастар қанатының I съездегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізіліп келеді.

Республика бойынша еліміздің әр түкпіріндегі талантты, белсенді жастардың басын қосқан, жастардың әлеуметтік өміріне жаңа серпіліс беріп, белсенділікке шақыруға бағытталған «Jastar-Otanga» лагері жыл сайын жаңа деңгейге өсіп келеді және осы уақытқа дейін аталмыш жастар саяси лагеріне 2000 – нан астам адам қатысқан. 

Жазғы саяси лагерге қонақ ретінде үздік ораторлардың бірі, білікті жаттықтырушы Толқын Аманбек, жас айтыскер ақын Сырым Әуезхан, блогер Ақарыс Әділжан және жергілікті қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен депутаттар қатысты. Сонымен қатар жергілікті музыкалық команда, танымал өнерпаздар «DD Records» командасы лагерьдің кешкі қонақтары атанып, жастармен еркін атмосферада сұхбат жүргізді.

Шара барысында жастар әлеуметтік белсенді тұрғындармен сұхбат жүргізіп қана қоймай, әр түрлі ойындарға қатысып, өзара бақ сынасты. Аудан жастарынан құралған командалар интеллектуалды ойында, пародия сайыстарында жарысып, ерекше көңіл-күйге бөленді.


Лагерь Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді.

««Jastar - Otanga»  жастар саяси лагері өте керемет өтті. Қонақтар мен қатысушыларды қарсылап алудан бастап, шаралардың ұйымдастырылу деңгейіне дейін өте жоғарғы деңгейде болды. Бірнеше күн бойы семинар-тренингтер, ойындар, мағыналы әңгімеге толы жүйелі сұхбат жастар уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге себін тигізді. Бос уақытымыз болмады деуге болады. Ұлттық ойындардан бастап, эстафеталық, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылған шара жастардың белсенді өмірге деген қызығушылығын арттыруда зор үлесін қосты. Басқа қатысушылармен танысуға мүмкіндік берген шара соңында бір-бірімізге деген қимастық сезім болды. Болашақта осы сынды шаралар көптеп ұйымдастырылса деген ниетіміз бар. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз» - дейді шара қатсушысы, Шыңғырлау аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі Ресурстық орталығының әдіскері Серікжан Тасқалиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті