Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен АҚШ арасындағы салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатты Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Заңға сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті», - деді Тимур Жақсылықов.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтеріне қатысты.

Осы режімге қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-тағы салық салынатын тұлға, ал аударылған қаражат АҚШ аумағындағы инвестицияға қатысты табыс болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-і ұсталуы мүмкін. Келісімге қосылатын қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, ашуға міндетті.

«Қазақстанның Келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша, осы мәселедегі екі ел арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне оң әсер етеді», - деді Жақсылықов.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі сөзінің соңында, Қазақстанның орталықтандырылған ақпарат жинауды көздейтін үлгіні таңдағанын атап өтті. Бұл қаржылық жүйеге бақылау жүргізуді сақтауға, Қазақстанның азаматтары мен резиденттері туралы АҚШ-тан ақпарат алуға, Қазақстанның қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға, сондай-ақ Келісім талаптарына байланысты қаржы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты