Беларуссия мен Украина Ресеймен біртұтас мемлекет болған кезде гүлдейді. Бұл туралы Мемлекеттік думаның депутаты Владимир Жириновский мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
- Ресей мен Беларусьті біртұтас мемлекет ретінде біріктіретін уақыт жетті. Ойлайтын түгі жоқ: алдымен кеден мен тарифтерден бастайық. Біз қайтадан бір мемлекет болсақ, Белоруссия гүлденеді. Адамдардың еркін қозғалысын ашамыз, мол ресурстармен қамтамасыз етілген ортақ рубль болсын. Украинамен де солай істеу керек. Өйткені Ресейдің тарихтан Ұлы Ресей мен Кіші Ресейден тұрады. Тамырымыз бір, бәріміз Русьпіз. Біз тарихтан бірге тұрып келдік, енді осыны қалпына келтіру керек, - деді саясаткер.
Сонымен бірге, ол бір ел болып біріккеннен кейін адамдарды бостандығы шектелмей, ортақ бір тілді сақтай отырып, әркімге өз тілінде сөйлеуге рұқсат етілуі керек деп қосты.
- Ешкім де адамдардың бостандығын шектемеуі керек. Белорус тіліндей сөйлегің келе ме – пожалуйста, украинша сайрайсың ба – өзің біл! Бірақ ұлттық газеттер, театрлар мен мектептер сақталуы керек. Қанша дегенмен ортақ тілді пайдаланған ыңғайлы. Кеңес заманы есімде жақсы сақталған. Ол заманда көптеген орыс емес ұлттың адамдары орыс тілінде қуана сөйлейтін. Мәселен, мен Абхазияда жиі болатынмын. Онда грузиндер, абхаздар, орыстар, эстондар, армяндар тұрады, бәрі де орысша сөйлейді. Оларға бес тілдің бәрін үйрете алмайсың ғой бәрібір? - деп атап өтті Жириновский.
Сондай-ақ, депутат мұндай бір мемлекетте ұлты деген нәрсені көрсетпей-ақ, бірақ "бір елдің азаматы болу керек" деген пікір білдірді.
Фото : gazeta.ru