Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қалалық ПД басшысы: Бейбіт шерушілер көшеде азаматтарды өлтірмейді

Алматы қалалық ПД басшысы белгілі басылымға берген сұхбатында Алматыда 5 қаңтар күні түске таман қалыптасқан жағдайдың өте қиын болғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шабуылшылар топтасып бірден қаланың бірнеше аудандарында, шамамен Республика алаңынан бірдей қашықтықта жиналып, бір мезетте, бір уақытта дерлік оған қарай ілгерілей бастады.

Полиция мен әскери бөлімшелер оларға бірнеше рет кедергілер орнатуға тырысты, қолдарында тек қалқандар, резеңке таяқшалар, жарық-шулы және газ гранаталары болды. Бірақ бейбіт шерушілермен емес, содырлар мен бүлікшілердің жақсы ұйымдасқан топтарымен бетпе-бет келдік, олардың арсеналында биталар, арматура, темір құбырлар, тастар болды. Қауіпсіздік күштерін көрген олар еш ойланбастан шабуыл жасап, айуандықпен аяусыз соққыға жықты. Тіпті қақтығыс кезінде тұтқынға алынған әскерилер мен полиция қызметкерлерін бүлікшілер тірі қалқан түрінде алға қойған жағдайлар да болды.

– Митинг бейбіт өтті деген әңгімелердің бәрі негізсіз, оны осы күндері қалада болған адамдар жақсы көрді және біледі. Ал олар қолына қару алған адам полицияға, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасап, оларды қиратып, өртеп жіберетінін, полицейлерді, әскерилерді және бейбіт тұрғындарды өлтіретінін түсінеді – бұл лаңкестер және оларды басқаша атауға болмайды. Бейбіт шеруге шыққандар көліктерді тоқтатып, қарумен қорқытып, оны иеленіп алмайды, талаптарын орындамай, оларға көмектесуден бас тартқандарды атып тастамайды, көшеде бейбіт тұрғындарды өлтірмейді. Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалаға лаңкестер шабуыл жасады деп айтқанда, ол өте дұрыс айтты. Олардың әрекетін қалай террор деп атамауға болады, – деді Қанат Таймерденов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді