Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада карантин режимі жалғасуда

Елордада эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Соңғы тәуліктің өзінде қалада коронавирус ауруының 4874 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қаңтар айының басынан бері елордада 44 923 жағдай тіркелді, бұл 2021 жылдың желтоқсан айында тіркелген 2 737 жағдайдан 16 есе жоғары.

Елордада COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауы, вакцинацияны ескермеуі себепті болып отыр. Мұның бәрі қала аумағында «Омикрон» контагиозды штамының тез таралуына ықпал етеді, ол «Дельта» нұсқасынан 70 есе тез таралады. Ең жоғары тәуліктік ауру 15 қаңтарда тіркелді – 5 826 жағдай, бұл бүкіл пандемия кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш.

«Омикрон» штамының анықталуын және қаладағы қолайсыз эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 12 қаңтарда елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулысы қабылданды. Осылайша, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейінгі еске алу шараларын қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, естелік іс-шараларды, сол сияқты үйде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың, түнгі клубтар мен караоке барларының қызметіне тыйым салынады. Жұма намазы және діни рәсімдер сияқты ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады. Сонымен қатар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады. Айта кетейік, бұл шаралар қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін қабылданды.

Сонымен қатар, елорданың аудандық әкімдіктері жанында 12 мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда, олардың қызметі шектеу және карантин шараларын бұзуға жол бермеуге бағытталған.

Кәсіпкерлік нысандарында мониторингтік топтар анықтаған шектеу және карантин шараларын бұзушылықтар бойынша материалдар әлі де түсуде. Айта кету керек, елордада төтенше жағдай режимін алып тастау карантиндік режимнің аяқталуын білдірмейді. Қалада шектеу шаралары әлі де жалғасуда. Жаңа вирустың таралу қаупі әлі де жоғары.

Осыған байланысты елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын және локдаунды енгізуді болдырмау үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Пандемия тұрғындардың көп бөлігі вакцинациядан және ревакцинациядан өтпейінше аяқталмайтынын түсіну керек. Иммундаудан толық өткен жағдайда ғана қалыпты өмірге орала аламыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді