Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық 17 мекеме санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен тәулікте, 13 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың кәсіпкерлік объектілері арасында карантин талаптарын бұзған 17 мекемені анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 6 мекеме карантин режимін бұзып жұмыс істеді. Бұл "Baobao", "The Sky", "Fashion bar", "Baoli" мейрамханалары, сондай-ақ "Панаехали" және "D1"барлары. Сонымен қатар "Garage" музыкалық барында, "Oldboy" барбершопында, "Masters" үстел теннисі клубында, "Leo kids" және "Tompag" балалар ойыншығы мен киім дүкендерінде, сондай-ақ "Лото клуб" және "Ирис"түнгі клубында да елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы сақталмағаны анықталды.

Карантин талаптарын бұзу Алматы ауданының "Лото клуб" және "Bravo" барында және Сарыарқа ауданының "Мирас" және "Гаухартас" мейрамханаларында және "Банный двор" және "Пропарься" монша кешендерінде тіркелді. 

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда. Күн сайын ковидтік ауруханаларға аурудың орташа және ауыр ағымы бар ондаған науқас түседі. Елорда тұрғындары мен қонақтары саналы түрде саннормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы және өз денсаулығын сақтап, айналасындағыларға қауіп төндірмес үшін вакцинациялануы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді