Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Бүгін, 2 желтоқсанда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Отырыста қазан айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қазанда 108%- ды құрады.  

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Желтоқсан айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота тәулігіне 1,556 млн. баррельді құрады және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады.

Осылайша, 2022 жылдың қаңтар айына міндеттемелер тәулігіне 1,572 млн.баррельді құрайды.

Сонымен қатар 2022 жылдың маусым айына дейін артық орындалған көлемдерді өтеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді