Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев брифинг өткізді. Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Баяндамада облыс басшысы жыл бойы атқарылған шаралар легі мен өңірдің түрлі салалар аясындағы дамуы жайында айтып өтті. Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жақсы көрсеткішті көрсетіп отыр. Атап айтар болсақ, құрылыс жұмыстары – 7,9%-ға, тұрғын үйді іске қосу – 5,2%-ға, көлік – 1,8%-ға, сауда - 0,8%-ға өскен. 

Өнеркәсіп және инвестиция саласы бойынша аймақта алдыңғы жылға қарағанда ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінде 7,2%-ға және негізгі капиталға инвестициялар бойынша 22,5% - ға төмендеу тіркелген. «Бұл көрсеткіш газ конденсатын өндіру көлемінің азаюымен және "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясының инвестицияларының төмендеуімен байланысты» дейді облыс басшысы. Сонымен қатар өңірдің экономикасын әртараптандыру үшін 1,6 трлн теңгеге 70 инвестициялық жоба іске асырылуда. Шетелдік инвесторлармен облыстың екі ауданында ірі сүт комбинаты мен құс фабрикасын салу бойынша келісімге қол жеткізілді. Жалпы 1994 жылғы өңірдің өнеркәсіп өнімінің жылдық көлеміне қарағанда 258 есеге өскен. Негізгі капиталға жыл сайынғы инвестициялар 2,8 млн. теңгеден 481,5 млрд. теңгеге дейін, яғни 175 есеге өсті.

Аймақтың агроөнеркәсіп кешенінде де айшықты шаралар атқарылуда. Облыс басышысы өз баяндамасында «Президенттің тапсырмасы бойынша соңғы 3 жылда1 млн. гектардан астам пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері анықталып, оның 57%-ы игерілуде, 16%-ы мемлекеттік меншікке қайтарылды, ал 27%-ы бойынша қайтару жұмыстары жүргізілуде» деді. Бұл жұмыстар мемлекеттің қолдау шараларымен қоса облыстың мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда.Облыста жыл сайын мал басының өсуі тіркелген. Осы жылдың 10 айында ірі қара мал басы – 9,6%, жылқы –12,2%, қой мен ешкі –1,5%-ға өсті. Және 3 бордақылау алаңы іске қосылды. 2025 жылға дейін тағы да алаңдар салынып, сыйымдылықты арттыру жұмыстары жоспарға алынған. Өңірде биыл жалпы егіс көлемі 565 мың гектарды құрады. Қуаншылыққа байланысты егін шаруашылығы өнімі өткен жылмен салыстырғанда төмендеу, дегенмен облыс фермерлері егін салуда озық технологиялар мен жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануға көшуде. Баяндама барысында Ғали Нәжімеденұлы су мәселесіне де тоқталып өтті. Биыл Үкіметтің қолдауы арқасында өңірдің оңтүстік-батыс аудандары үшін Ресейден жеткізілетін су көлемі 2019 жылдан 2 есеге көбейтілді. Ұзындығы 185,6 шақырым құрайтын 3 магистраль каналын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл Жайық өзенінің сол жақ жағалауында 350 мың гектарға дейін жайылымды ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінде 65 млн. текше метрге Киров су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары басталған, сондай-ақ 40 млн. текше метрге тағы 2 су қоймасын салуға жобалар дайындалуда. «Осы жылы 6 мың гектарға дейін суармалы жерлер енгізіп, 2026 жылға дейін 50 мың гектарға дейін жеткізетін боламыз» дейді облыс басшысы. 

Брифинг барысында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету саласы да тілге тиек етілді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қолданылуын 2023 жылға дейін ұзартқан болатын.  Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 700-ге жуық жұмыс орындарын құрумен 36 млрд. теңгеге 1300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. Осы жобалар бойынша мемлекеттік қолдау көлемі шамамен 3,8 млрд.теңгені құрады.

Өңірде тұрғын үй құрылысы да белсенді дамып келеді. 30 жыл ішінде 6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып,  53 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Ағымдағы жылдың 10 айында 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 5,2% - ды құрайды. Кезекте тұрғандарға 665 пәтер берілді. Жыл соңына дейін кезекте тұрғандар үшін тағы 707 пәтер салынатын болады. Сонымен қатар, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 200 отбасы пәтер алды, тағы 60 отбасы құжаттарын рәсімдеуде. Кезекте тұрған 66 азамат пәтер үшін бастапқы жарна түрінде мемлекеттік тұрғын үй сертификатын алды. Аталмыш тақырып аясында тілшілер бірнеше сұрақ қойған болатын. Атап айтсақ, жетім балалардың баспана ала алмай, шағым жасағандары жайында сұралды. Облыс басшысы бұл сұраққа жетім балалардан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналар, аз қамтылған, мүгедектігі бар және басқа да санаттағы жандардың көптігін атап өтті. «Барлығын бірден қамтуға қаражат, өкінішке орай, жеткіліксіз» дейді облыс башысы.  Сонымен қатар сұраққа жауап беру барысында әлеуметтік  салаларды жабу үшін облыс бюджетінің 55%-ы кетіп отырғанын атап өтті.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту – алға қойған міндеттердің бірі екенін айтып өтті. Осы орайда газдандыру және сумен қамту саласы тілге тиек етілді. Тәуелсіздік жылдарында ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артып, ал ауыз сумен қамту үлесі 31-ден 88,4%-ға дейін өсті. Жыл басынан 4 ауылға көгілдір отын жеткізілсе, мереке қарсанында тағы 7 ауыл газбен қамтылатын болады. Сонымен бірге жыл басынан 5 ауылға су өткізілген болса, осы айдың соңына дейін тағы 15 ауылға сапалы ауыз су өткізілетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді