Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектептердегі екпелеу қалай өтті

Бүгін елордалық №71 мектепте "Салауатты Астана" емханасы екпелеудің алғашқы күнін өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
"Бүгін біз екпеден 6 оқушыны өткізуді жоспарладық. Біз мұны оқушылардың  ата-аналарымен алдын-ала талқылап және олардың жазбаша да, ауызша да келісімін алдық. Мұндай жұмыс мектепке қанша вакцина әкелу керектігін есептеу үшін алдын-ала жүргізілді, өйткені бір шөлмек 6 дозаға есептелген. "Пфайзер" компаниясының "Комирнати" вакцинасын  +2 - +8 температура аралығында 31 күн сақтауға болады. Сол себепті біз екпеден өтетін адам санын алдын ала жоспарлап, құтылардың белгілі бір санын ғана алып келеміз", - деп атап өтті "Салауатты Астана" емханасының мектеп-мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Еңсебаева.
Оның айтуынша, емхана ұзақ уақыт бойы  екпе жасаумен жұмыс істеп келеді.
"Біздің барлық қызметкерлеріміз  мол жұмыс тәжірибелері бар мамандар, алайда елге "Пфайзер" компаниясының жаңа вакцинасы келді, сондықтан да белгілі бір  толқу бар. Біз, әрине, осы вакцинаның әлемде қолданылуын қадағалап отырамыз, барлық нұсқаулықтарды білеміз, вакцина өте жақсы", - деп қосты ол.
Әдістемелік нұсқауларға сәйкес, бұл вакцинаны көптеген басқа белгілі инъекциялар сияқты аш қарынға жасауға болмайды.
"Тіпті қарапайым дәрумендерді аш қарынға егуге болмайды. Мысалы, анестезиядан бұрын тіс дәрігері науқастың аш-тоқ екенін сұрайды. Осы жағдайды ескеріп, балаларды екпелейтін болғандықтан,  олар таңғы ас ішпей келсе, біз оларға шәй мен жеңіл тағамдар дайындап отырамыз. Және де, екпеден кейін  олар біздің  байқауымызда болады", - деді дәрігер.
Екпе алған №71 мектеп оқушысы Никита Киба бүкіл отбасының вакцинацияланғанын айтты. Никитаның әкесі жүк тасымалдаумен айналысады, ал анасы анестезиолог және ауруханада жұмыс істейді, оның отбасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан ешбір қорқыныштарының жоқ екенін және оң көзқарастарымен қабылдайтындарын айтты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді