Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қалуы Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы.
Қаулыға сәйкес:
- 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирус инфекциясына (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіру;
- КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылған.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде:
- Әдістемелік ұсынымдарды жұмыста басшылыққа алу үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізуге тартылған денсаулық сақтау ұйымдарына жіберуді;
- "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлеріне оқыту жүргізуді;
- Әдістемелік ұсынымдарды КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге тартылған барлық медицина қызметкерлерінің назарына жеткізе отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіне жұмыс топтарын құруды;
- орындалуын бақылай отырып, егілуге жататын контингентті КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;
- әрбір аудан, қала бойынша жетекшілік етуі бойынша жүргізілген іс-шараларды апта сайын бақылай отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторларды тағайындауды;
- тәулік бойғы режимдегі жұмыс жағдайына алдын ала тестілей отырып, "Комирнати" вакцинасын сақтау үшін аса төмен температуралық режимдегі мұздатқыш жабдығын орнатуды;
- барлық мамандарға нұсқама жүргізе отырып және орталық қоймада көрінетін жерде "Комирнати" вакцинасын сақтау, тасымалдау, беру мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді (бұдан ары – СОР) іле отырып, облыстың, қаланың орталық қоймасының, республикалық қойманың қызметкерлері үшін СОР дайындауды;
- аудандық қоймаларда нұсқама жүргізу және көрнекі жерде СОР ілу арқылы аудандар мен қалалардың қоймалары үшін СОР дайындауды;
- медициналық ұйымдар үшін "Комирнати" вакцинасын сақтау және пайдалану мәселелері бойынша СОР дайындауды қамтамасыз етсін.
2021 жылқы 8 қарашаға дейінгі мерзімде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізетін медициналық ұйымдардың дайындығын мониторингтеуді қамтамасыз ету тапсырылған.
Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.