Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Астана жастары» елорда тұрғындарына вакцинаның маңыздылығы туралы буклет таратты

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана жастары» ЖРО волонтерлары елорда тұрғындары мен қонақтарына вакцинациялаудың маңыздылығы туралы буклеттер таратты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Әлемге қауіп төндіріп отырған коронавирус індетін жеңудің ең тиімді әдісі – вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Өкінішке қарай екпенің тиімділігіне күмән келтіріп, ұжымдық иммунитетті дамытудан бас тартып отырғандар жоқ емес. 

Волонтерлар адам көп жиналатын жерлерде (автобустар, аялдамалар) буклет таратып, «КВИ-ға қарсы вакцинаны қалай алуға болады?», сондай-ақ иммундауды жүргізу алдындағы қажетті процестер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өткен тәулікте елордада 900-ден астам адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Айта кету керек, бүгінде елорданың барлық ауданында еріктілер, мобильді топ өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығы мен тиімділігі, иммундауға қалай дайындалу керектігі туралы қадамдық нұсқаулық бар буклеттер тарату, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Түсіндіру жұмысы кезінде маска режимі, әлеуметтік қашықтық секілді санитарлық талаптар толықтай сақталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады