Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 67,7 млрд доллар болған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ШЫҰ елдеріне экспорты 30,7 млрд долларды, ал импорт көлемі 41,8 млрд долларды құрады. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. 2025 жылы Қытаймен тауар айналымы 34,2 млрд доллар, Ресеймен 27,4 млрд доллар, Өзбекстанмен 4,8 млрд доллар және Қырғызстанмен 2,2 млрд доллар болды.

Қазақстаннан ШЫҰ елдеріне экспортталған негізгі тауарлардың қатарында уран, мыс кендері мен концентраттары, шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, табиғи газ, бидай және ферроқорытпалар бар. 2025 жылы бірқатар ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты өсті. Атап айтқанда, жануарларға арналған азық өнімдерінің экспорты 2,5 есеге артып, 614,9 млн долларға жетті. Күнбағыс майының экспорты 62,4%-ға өсіп, 633,7 млн долларды құрады.

Бидай экспорты 17,1%-ға артып, 1,13 млрд долларға жетті. Арпа экспорты 22%-ға, бидай ұны 11,8%-ға, зығыр тұқымы 72,9%-ға өсті. ШЫҰ елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлардың қатарында жеңіл автомобильдер, автомобиль кузовтары, табиғи газ, мұнай өнімдері, алтын, есептеу машиналары және автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер бар. Қазақстанның экспортында уран, мыс кені мен концентраттары, мұнай, мыс, табиғи газ және бидай негізгі позицияларды сақтап отыр. Сонымен қатар күнбағыс майы, жануарларға арналған азық, ұн, арпа және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша экспорт көлемінің өсуі қазақстандық өнімге сыртқы нарықтардағы сұраныстың бар екенін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді