Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Торайғыров университеті Кембридж университетімен бірлескен археологиялық және климаттық зерттеулерге кірісті

Торайғыров университеті Кембридж университетімен бірлескен археологиялық және климаттық зерттеулерге кірісті
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандық Ертіс өңірінің кейінгі қола дәуірі» жобасы және Еуропалық зерттеу кеңесінің DREAM (UCL) «Голоцен дәуіріндегі климаттық ауытқулар динамикасын зерттеу» халықаралық жобасы шеңберінде Торайғыров университетіне бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін британдық ғалымдар келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Торайғыров университетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археологиялық зерттеулер орталығына PhD Ребекка Робертс – University College London және University of Cambridge (Макдональд атындағы Археологиялық зерттеулер институты) ғылыми қызметкері арнайы сапармен келді. Британдық ғалымның Павлодар қаласына келуі қазақстандық ғылыми орталықтар мен Ұлыбританияның жетекші зерттеу мектептері, әсіресе археология және палеоклиматология саласында әлемдік деңгейде мойындалған Кембридж университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудағы маңызды кезең болды.

Бірлескен жұмыстың негізгі мақсаты – Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Борлы көлінен түптік шөгінділердің сынамаларын алу. Алынған үлгілер голоцен дәуіріндегі климаттық ауытқулар динамикасын қайта құруға және олардың ежелгі қауымдардың тіршілік ету жүйелеріне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кешенді талдау Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты зертханалық базасында жүргізіледі. Бұл зерттеу жұмыстарының жоғары ғылыми деңгейін және нәтижелердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Торайғыров университеті ғалымдарының Кембридж университеті мен Лондон университеттік колледжіндегі әріптестерімен бірлескен зерттеулері Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға, отандық ғылымды жаһандық зерттеу кеңістігіне кіріктіруге және тұрақты халықаралық ғылыми консорциумдар қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта британдық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, жетекші халықаралық ғылыми журналдарда бірлескен жарияланымдар әзірлеу, ғылыми деректер алмасу және Орталық Азия археологиясы мен климатологиясы салаларында жаңа жобаларды іске асыру жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті