Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда түнгі рейд кезінде 3 дүкеннен заң бұзушылық тіркелді

Жетісуда түнгі рейд кезінде 3 дүкеннен заң бұзушылық тіркелді
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер жүргізілді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бес ойын-сауық орнын тексерді. Мекеме әкімшіліктеріне заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Патрульдеу барысында қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүрген бес адам анықталды. Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату қағидаларын бұзған үш дүкен тіркелді.

Бұдан бөлек, полицияның арнайы есебінде тұрған 17 азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексерілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды