Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды

Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания Үкіметінің, UK Export Finance (UKEF) экспорттық-кредиттік агенттігінің, халықаралық банктердің және білім беру ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырыптар – Alatau City инфрақұрылымын қаржыландыру, британдық технологияларды тарту, сондай-ақ білім беру мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

UK Export Finance (UKEF) басшылығымен өткен дөңгелек үстелде Alatau City-дің энергетикалық, көлік және коммуналдық жобаларын экспорттық кредиттерді, банктік кепілдіктерді және британдық экспортты мемлекеттік қолдаудың өзге де құралдарын пайдалану арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазақстан тарапы британдық инженерлік компанияларды, жабдық өндірушілерді және қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін энергетикалық объектілерді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік инфрақұрылымын салу саласындағы басым жобалардың тізбесін қалыптастыруды ұсынды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары лорд Стюарт Вудпен кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар британдық бизнестің инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларға қатысуын, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп және цифрлық экономика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Капитал тартудың практикалық тетіктері Standard Chartered-дың мемлекеттік сектормен жұмыс істеу бағыты жөніндегі жаһандық жетекшісі Чарльз Корбеттпен келіссөздердің тақырыбына айналды. Синдикаттық кредиттеу, халықаралық даму институттарымен бірлесіп қаржыландыру және экспорттық-кредиттік агенттіктердің кепілдіктерін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

Ұлыбританияның мемлекеттік министрлері Анас Сарвар, Крис Макдональд және Канишка Нараянмен жеке кездесу өтті. Тараптар сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету, британдық технологияларды трансферттеу және ғылым, инновация, жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды. Мұнымен қоса, Alatau City-дің қалалық инфрақұрылымын цифрландыру перспективалары сөз болды.

Білім беру бағыты аясында қазақстандық делегация Magdalen College School басшылығымен келіссөздер жүргізді. Alatau City-де халықаралық деңгейдегі мектеп ашу, британдық білім беру бағдарламаларын енгізу және педагогтерді бірлесіп даярлауды ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды