Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды

Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмыскерлері ұсталды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Грузия Ішкі істер министрліктерінің Тбилисидегі келіссөздерінен кейін синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Грузияның ішкі істер органдары халықаралық іздестіру және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бағытындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуді жалғастыруда.

Еске салсақ, ақпанда Астанада Қазақстан мен Грузия ІІМ басшыларының кездесуі өтіп, тараптар ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және халықаралық іздеудегі қылмыскерлерге қарсы күрестегі үйлестіруді күшейтуге келіскен болатын.

Жуырда Қазақстан ІІМ басшысы Ержан Саденов жұмыс сапарымен Тбилисиге барып, Грузия ІІМ министрі Сулхан Тамазашвилимен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзенің қабылдауында болды.

Ынтымақтастықтың жандануы аясында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелері де бар. Атап айтқанда, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталды. Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты да бар. Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша Тбилисиде мефедрон өндіруді ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды.

Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химиктің рөлін атқарған. Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түсті.

Тергеу барысында оның Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап бергені анықталды. Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді