Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдіктерін пайдаланып жүр

15 мыңнан астам алматылық коммуналдық автотұрақ жеңілдіктерін пайдаланып жүр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 15 344 автокөлік иесі коммуналдық ақылы автотұрақтарда жеңілдіктерді пайдаланып жүр. Қалада тұрғындардың әртүрлі санаттарының мүддесін ескере отырып, коммуналдық ақылы автотұрақ жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасып жатыр. Басым бағыттардың бірі халықтың әлеуметтік осал топтары мен жеңілдік алуға құқығы бар басқа да санаттағы азаматтар үшін автотұрақ инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл туралы «Алматы Паркинг» КМК мамандары айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңілдік I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасыларға, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен отбасылардың мүшелеріне беріледі. Бұл мүмкіндік электромобильдер мен арнайы көлік құралдарының иелеріне де қарастырылған.

Қазіргі таңда қалада 17 мыңнан астам коммуналдық автотұрақ орны бар. Алдағы уақытта олардың санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, көлік иелеріне қызмет алу уақытын үнемдеу үшін жеңілдікпен тұрақтауға арналған рұқсаттарды рәсімдеу тәртібін оңайлату және цифрлық сервистерді дамыту көзделген.

«Алматы Паркинг» КМК мамандарының мәліметінше, автотұрақ желісін кеңейту жұмыстары қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар жүргізіледі. Сондай-ақ тұрақ орындарының тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін қолжетімді болуына басымдық беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды