Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады

Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Елімізде 541 ұйым жұмыс істейді. Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында 20 өңірде 1 мың орындық жаңа форматтағы арнайы мектептер, сондай-ақ облыстарда 600 орындық оңалту және сауықтыру кабинеттері бар ұйымдар салу көзделген. Білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау еліміздің 17 педагогикалық жоғары оқу орнында және 9 колледжде жүзеге асырылады.

2027 жылы колледждер 500-ден астам логопедтер шығаруды жоспарлап отыр. Балаларға жеке қолдау көрсетуде педагог-ассистенттер де маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдарында 7,5 мың педагог-ассистент жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында 6 колледжде педагог-ассистенттерді даярлау басталды, 210 студент қабылданды. Ерекше білім беру қажеттіліктерін уақтылы анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу нормативтері 40 мың балаға шаққандағы есеппен қайта қаралады, бүгінде 1 ПМПК ашу нормативі 50 мың балаға шаққандағы есеппен айқындалады. Арнайы ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту маңызды бағыт болып қала береді.

2024 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 99 арнайы мектептің оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңартылды. Қормен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдаудың тиімді ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру мақсатында Инклюзивті білім беруді дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспары бекітілді. Оны жүзеге асыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге және өңірлерде білім беру қызметтерінің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды