Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Creative Shift акселерациялық бағдарламасы басталды

Астанада Creative Shift акселерациялық бағдарламасы басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Creative Shift акселерациялық бағдарламасы басталды. Бағдарлама қатысушыларға бизнес-модель әзірлеуге, жобаның нарықтағы мүмкіндіктерін бағалауға және оны коммерциялық тұрғыдан іске асыруға дайындауға көмектеседі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19-25 қазан аралығында креативті сала өкілдері қазақстандық және халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен тәжірибелік оқудан өтеді. Бағдарлама маркетинг, брендинг, жасанды интеллектіні қолдану және инвестиция тарту бағыттарын қамтиды.

Спикерлер қатарында халықаралық тәжірибесі бар мамандар бар. Олар – 20-дан астам анимациялық фильмнің режиссері әрі сценарисі Адай Әбелдинов, ER10 Media компаниясының тең құрылтайшысы Эльнора Розмұхамедова, халықаралық бизнесті дамыту және венчурлық инвестициялар жөніндегі сарапшы Jaeyeong Park, брендинг және генеративті жасанды интеллект саласында 25 жылдық тәжірибесі бар креативті директор Edmond Yang, кәсіпкер әрі BAIPKET академиясының негізін қалаушы Ақсұлтан Қали.

Алматы мен Шымкентте бұған дейін өткен қарқынды оқыту курстарын (буткемптерді) қоса есептегенде, бағдарлама Қазақстанның үш қаласындағы 500-ден астам қатысушыны қамтиды.

Өңірлік іріктеуден өткен жоба авторлары жеті күндік тәлімгерлік бағдарлама аясында жұмысын жалғастырады. Қорытынды Pitch Day іс-шарасында олар өз жобаларын инвесторлар мен бизнес өкілдеріне таныстырады.

Бағдарламаның мақсаты – креативті сала өкілдеріне жобаларын нарыққа шығаруға дайындауға, тұрақты бизнес-модель қалыптастыруға және іскерлік серіктестер табуға көмектесу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды