Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысының Майамиде өтетін G20 саммитіне алдағы қатысуына және жоғары деңгейдегі байланыстардың мазмұнды күн тәртібін пысықтауға ерекше назар аударылды.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің бүкіл кешені бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.