Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасына 1 миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп. Былтырғы тоғыз айда 978 мың бос жұмыс орны тіркелген болатын. Жалпы, платформада ай сайын орта есеппен 120 мыңға жуық жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушілердің белсенділігі әсіресе қыркүйек айында артқан. Осы айда 254 мың бос жұмыс орны ұсынылып, бұл тоғыз айдағы жалпы көрсеткіштің 23,2%-ын құрады. Қыркүйектегі көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Бос жұмыс орындарының саны барлық салада артты. Әсіресе сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және көлік салаларында өсім байқалған.

2026 жылдың тоғыз айында жарияланған бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі. Оның үлесі – 26,3%. Одан кейін басқа қызмет түрлері – 13%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 8,5%, өңдеу өнеркәсібі – 7,2% және мемлекеттік басқару – 6,8%.

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындарының ең көп үлесі Астана қаласында – 8,7%, Алматы қаласында – 8,4%, Қарағанды облысында – 6,8%, Түркістан облысында – 6,7% және Павлодар облысында – 6,3% тіркелген.

Бос жұмыс орындарының басым бөлігі орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандарға арналған. Олардың үлесі – 42,1%. Жоғары білікті мамандарға арналған жұмыс орындары 32,7%-ды, ал арнайы біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар 25,2%-ды құрайды.

Жұмыс берушілер көбіне медбикелерді, автокөлік жүргізушілерін, тәрбиешілерді, математика мұғалімдерін, бухгалтерлерді және аспаздарды іздеген. Сондай-ақ жоғары білікті мамандардың ішінде әлеуметтік педагогтер мен мектеп психологтарына да сұраныс бар.

2026 жылдың тоғыз айында жұмыс іздеушілер Enbek.kz платформасына 1,2 миллионға жуық түйіндеме орналастырған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп.

Enbek.kz электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушілерге түйіндемесін орналастырып, өзіне лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер платформа арқылы бос жұмыс орындарын ұсынып, қойылатын кәсіби талаптарға сәйкес келетін мамандарды іріктей алады.

Электронды еңбек биржасы жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеу үдерістерін бір цифрлық платформада біріктіреді. Пайдаланушылар өз талаптарына сәйкес іздеу параметрлерін белгілеп, еліміздің түрлі өңірлеріндегі еңбек нарығындағы ұсыныстармен таныса алады. Жұмыс мүмкіндіктерін қарастыру және түйіндеме орналастыру үшін Enbek.kz платформасын пайдалануға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды