Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Вьетнамның ROX Group ірі инвестициялық тобына кіретін ROX Living Global девелоперлік компанияның өкілдерімен кездесті. Кездесуде Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамытуға ROX Group компаниясының қатысу мүмкіндіктері қарастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ROX Living Global компаниясының бас директоры Чан Тхи Ми Лок бастаған делегация тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарын қамтитын көпфункционалды кешен салу жөніндегі ұсынысын таныстырды.

Жоба тұжырымдамасы тұрғын үйлермен қатар кеңселерді, сауда орындарын, білім беру және медициналық мекемелерді, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктерді қамтиды. Сондай-ақ, аумақты көгалдандыруға, жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге басымдық берілген.

Дархан Сатыбалды Алматының дамудың полиорталық үлгісіне көшіп жатқанын, соның аясында жаңа іскерлік орталықтар қалыптасатынын атап өтті. Солардың бірі Almaty Downtown болмақ.

«Көпфункционалды кешен салу жөніндегі бастамаңызды қолдаймыз. Өз тарапымыздан әкімдік жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Жобаны іс жүзінде іске асыру кезеңіне мүмкіндігінше тезірек көшеді деп сенеміз», – деді Алматы әкімі.

1996 жылы құрылған ROX Group жылжымайтын мүлік, қаржы, энергетика және қонақ үй бизнесі салаларында жұмыс істейді. Топтың инвестициялық портфелінде әлемнің 12 еліндегі 100-ден астам жоба бар. Компанияның Орталық Азиядағы ірі жобаларының бірі Бішкек қаласында жүзеге асырылып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды