Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы 38 қалалық емханада мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Былтыр жаздан бері бір жыл ішінде тұрғындар осы контейнерлерге 1 200 келіге жуық дәрі-дәрмек қалдығын тапсырды. Жиналған қалдықтар қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы STADA фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Орнатылған контейнерлердің арқасында тұрғындар жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тұрмыстық қоқыстан бөлек жинауға тапсырады.

Дәрі-дәрмек жинау пункттерінің жұмысын бағалауға Satbayev University студенттері қатысты. Еріктілер 34 емхананы аралап, тұрғындардың жоба туралы хабардар болуын және медицина қызметкерлерінің бастамаға қатысу белсенділігін бағалады. Тексерілген емханалардың 70%-дан астамы жоғары нәтиже көрсетті.

Еске салайық, шілде айында дәрі-дәрмек жинау бойынша №1 қалалық емхана көш бастап, 79,5 келі қалдық жинады. Үздік бестікке №23 емхана – 71,45 келі, №4 емхана – 70,2 келі, №17 емхана – 66,6 келі және №12 емхана – 65,6 келі көрсеткішпен енді.

Мерзімі өткен дәрілерді бөлек жинау қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға көмектеседі. Тұрмыстық қоқысқа тасталған немесе кәріз жүйесіне төгілген дәрілік заттар топырақ пен суға түсуі мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы контейнерлер мұндай қалдықтарды бөлек жинап, қауіпсіз жолмен жоюға жіберуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды