Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Республикалық маңызы бар Шымкент – Самара автожолында жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін камераға жол ережесін өрескел бұзған KIA автокөлік жүргізушісі түсіп қалған. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгіленген орында болмай, оның орнына жүргізушінің Шако деген лақап аты жазылғаны анықталды. Камерадан алынған ақпаратты зерделеген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған көліктің қозғалыс бағытын анықтап, Шымкенттен Түркістан бағытына қарай жүріп бара жатқан жерінен тоқтатты. Тексеру барысында көлікті 32 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны басқарғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушіге мемлекеттік тіркеу белгілерінсіз көлік құралын басқарудың заң талаптарына қайшы екенін түсіндіріп, әкімшілік шара қолданды. Көлік айыптұраққа қойылды. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтап, көлік құралдарын белгіленген талаптарға сәйкес пайдалануға шақырады. Автоматты тіркеу жүйелері құқық бұзушылықты анықтауға ғана емес, жолдағы тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді