Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жаңа медициналық нысандар мен 50 шақырымдық айналма жол салына бастады

Шымкентте жаңа медициналық нысандар мен 50 шақырымдық айналма жол салына бастады

Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы саласындағы бірден үш ірі жобаны іске асыру басталды. Қалада ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа емхана мен №2 қалалық көпбейінді аурухананың 80 төсек-орынға арналған қосымша корпусының құрылыс алаңдарында капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар ұзындығы 50 шақырым болатын айналма автомобиль жолының құрылысына старт берілді. Аталған жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Олар халық санының өсуіне байланысты инфрақұрылымға артқан қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараларға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.


«Shymkent City» шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салынады. Медициналық мекеме 30 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда ересектер және балалар бөлімдері, әйелдер консультациясы, отбасылық денсаулық орталығы, клиникалық-диагностикалық зертхана, КТ және МРТ кабинеттері, эндоскопия және рентгенодиагностика кабинеттері орналасады.

Сондай-ақ 20 орындық күндізгі стационар, амбулаториялық хирургия орталығы және оңалту бөлімі қарастырылған. Жобалау кезінде балалар мен отбасыларға медициналық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Балалар бөлімшелері жеке лифттері мен күту аймақтары бар бір қабатқа орналастырылады. Бес жасқа дейінгі балаларға күтім жасау және патронаж қызметі ұйымдастырылып, жүкті әйелдер мен босанғаннан кейінгі аналардың денсаулығына бақылау жүргізіледі.


Қалалық #2 көпбейінді аурухананың қосымша корпусы 80 төсек-орынға есептелген. Аурухана жыл сайын шамамен 20 мың науқасты қабылдап, нейрохирургия, кардиология, инсульттік көмек, реанимация және перинаталдық медицина бағыттары бойынша медициналық қызмет көрсетеді.


Жаңа ғимаратта нейрохирургия және кардиореанимация бағыттары дамытылып, инсульт, инфаркт және жедел коронарлық синдромға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейеді. Жаңа корпус қолданыстағы стационарлық және перзентхана корпустарымен жабық галерея арқылы жалғанып, бірыңғай медициналық кластер құрылады.

Сонымен қатар қалада ұзындығы 50 шақырым болатын айналма автомобиль жолының құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль Алматы–Термез автомобиль жолы арқылы Алматы бағытынан Шымкентке кіреберісті Солтүстік айналма жолмен және Ташкент бағытына шығатын жолмен байланыстырады.


Жаңа жол халықаралық және республикалық транзиттік көліктерді қаланың елді мекен аумағынан тыс бағыттауға арналған. Бұл көлік ағындарын қайта бөлуге, негізгі көшелердегі жүктемені азайтуға және қала ішіндегі жүк көліктерінің қозғалысын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жоба интеллектуалды көлік жүйелерін және қажетті инженерлік инфрақұрылымды қамтиды. Құрылыс кезеңінде 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Жол пайдалануға берілгеннен кейін оны күтіп-ұстауға шамамен 100 маман тартылады.


Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкенттің дамуы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын қатар кеңейтуді талап ететінін атап өтті.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкенттің жайлы өмір сүруіне және одан әрі дамуына қажетті инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытып келеміз. Жаңа медициналық нысандар тұрғындарға медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтсе, айналма жол транзиттік көлікті қала аумағынан тыс бағыттап, жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қалалық денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Шымкенттің одан әрі дамуына қажетті жағдай қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
17 комментариев
  • Isaac
  • 16-10-2026, 15:13
  • : 15:13
References: New wire transfer casinos australia safe wire transfer casino Australia
  • Olga
  • 16-10-2026, 17:14
  • : 17:14
References: Osko pokies RTP pad.batsense.net
  • Polly
  • 17-10-2026, 04:11
  • : 04:11
References: Mobile payid pokies australia instant play payid pokies
  • Darrel
  • 17-10-2026, 10:42
  • : 10:42
References: Progressive jackpot payid pokies top 10 payid pokies
  • Dyan
  • 18-10-2026, 00:55
  • : 00:55
References: Payid pokies welcome bonus https://mapleprimes.com
  • Abby
  • 18-10-2026, 05:09
  • : 05:09
References: BPay pokies review win real money BPay pokies
  • Celia
  • 18-10-2026, 05:23
  • : 05:23
References: Pokies that take bpay australia secure bpay pokies
  • Shanon
  • 18-10-2026, 18:39
  • : 18:39
References: MiFinity casino deposit methods Australia http://www.bzsbs.cn/home.php?mod=space&uid=1402190
  • Drew
  • 19-10-2026, 03:23
  • : 03:23
References: Neosurf pokies real money garagesale.es
  • Moshe
  • 19-10-2026, 17:50
  • : 17:50
  • Newton
  • 20-10-2026, 02:33
  • : 02:33
References: Direct bank transfer casino australia https://dreevoo.com/profile.php?pid=2557072
  • Charles
  • 20-10-2026, 03:47
  • : 03:47
References: Minimum deposit payid pokies 5 dollar deposit pokies payid
References: Pokies with payid deposit https://gitlab.ujaen.es/lockethorn1
  • Tuyet
  • 20-10-2026, 06:48
  • : 06:48
References: Instant wire transfer casino australia long-higgins-3.blogbright.net
References: Osko payout casinos pad.batsense.net
  • Deana
  • 20-10-2026, 20:04
  • : 20:04
References: Australian pokies bank transfer deposit bank wire withdrawal casino australia
  • Barrett
  • 21-10-2026, 02:23
  • : 02:23
References: BPay withdrawal time casino bpay accepted pokie sites
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды