Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада перинаталдық орталық, травмпункт және емханалар салынады

Астанада перинаталдық орталық, травмпункт және емханалар салынады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қаланың дамуы аясында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Соңғы жылдары Астанада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, сондай-ақ тұрғындарға қадамдық қолжетімділікте қамтамасыз ету үшін ашылған емханалар жанындағы 19 филиал бар. Қалада алдағы уақытта қандай медициналық нысандар салынатынын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
«Халық санының жыл сайын артуына байланысты медициналық мекемелерге деген сұраныс та өсіп келеді. Осы мәселені шешу үшін Есіл мен Нұра аудандарында екі емхананың, Алматы ауданында перинаталдық орталықтың, жаңа көпбейінді қалалық аурухананың, сондай-ақ Есіл ауданында балаларға арналған травматологиялық пунктің құрылысын бастаймыз.Қалалық №2 аурухананың қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталу үстінде. Сонымен қатар Сарыарқа ауданында перинаталдық орталық салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» вокзалы маңында бір ауысымда 350 адам қабылдай алатын жекеменшік емхананы ашу жоспарланып отыр.Бұл медициналық мекеме мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғындарды қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Астана қаласының әкімі.

Жалпы алғанда, алдағы үш жылда елордада денсаулық сақтау саласына қатысты 11 нысанның құрылысы жоспарланған. Олардың қатарында Алматы ауданында салынатын перинаталдық орталық, жаңа заманауи көпбейінді аурухана, 6 жаңа толық форматтағы емхана (оның 2-еуі мемлекеттік), сондай-ақ жедел медициналық жәрдемнің 3 қосалқы станциясы бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті