29–30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары өрістің әсері сақталады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді.
Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады. Елдің солтүстік жартысында 1–3°C аяз сақталады.
Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады.
Оңтүстік жартысында ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.