Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды

ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
Фото: polisia.kz

ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін дәйекті түрде іске асырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жұмыс аясында қылмыстық әрекетке қатысушылардың барлығын анықтау, олардың құқыққа қайшы әрекеттерін құжаттау және қылмыстық істерді сотқа дейін жеткізу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі – тергеулерді аяқтап, кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін қылмыстық істерді сотқа жолдау. Биыл ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мәселен, Қарағанды облысында өңірдегі тау-кен байыту кәсіпорындарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық қоғамдастықтың ұйымдастырушысы мен 10 қатысушысына қатысты сот үкімі жарияланды. Сот оларды 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ облыстағы ірі қала құраушы кәсіпорын аумағынан мүлікті жасырын алаяқтық схемаларын пайдалана отырып ұрлаудың осындай фактілеріне қатысы бар ҰҚТ басшысы мен төрт қатысушысына қатысты айыптау үкімі шығарылды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алматы қаласында автокөліктерді заңсыз тіркеуге, VIN-кодтар мен ақпараттық жүйелердегі деректерді өзгертуге, сондай-ақ автокөліктерді сату кезінде алаяқтық жасауға қатысы бар ҰҚТ-ның 13 мүшесі 8 жылға дейінгі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 

Елордада есірткі заттарын өткізгені үшін ҰҚТ ұйымдастырушысы мен 5 қатысушысы сотталды. Ұйымдастырушы 17 жылға бас бостандығынан айырылса, оның сыбайластарына 16 жылға дейінгі мерзімге жаза тағайындалды. Қызылордада жүйелі түрде, оның ішінде кәсіпкерлерден ақша бопсалағаны үшін жергілікті қылмыстық ортаның 8 өкілі сотталды. Тергеу барысында оларға ҰҚТ қызметіне басшылық ету және оған қатысу айыптары тағылды.

Сот үкімімен 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі міндет – құқыққа қайшы әрекетті тоқтату ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтың әрбір қатысушысының заңда белгіленген жауапкершілігінің бұлтартпастығын қамтамасыз ету. Дәлелдемелер базасы жинақталған барлық қылмыстық іс сот үкімі шығарылғанға дейін жеткізіледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді