Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан 20 жыл өткен соң Азия ойындарынан медаль жеңіп алды

Қазақстан 20 жыл өткен соң Азия ойындарынан медаль жеңіп алды
Фото: ҚОК/Никита Басов

Қазақстандық Алина Чистякова ұлттық құрамаға жетісайыстан Азия ойындарында кейінгі 20 жылдағы алғашқы медальды сыйлады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы жеңіл атлет 800 метрге жүгіруде төртінші орын алғаннан кейін жетісайыс қорытындысы бойынша үшінші сатыны сақтап қалды. Чистякованың соңғы нәтижесі - 5568 ұпай.

Жарыс көшбасшылары жапониялық Юри Танака мен Нанака Каджики болды, ал қазақстандық спортшыдан кейін төртінші орынға өзбекстандық Угибой Ноброева жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасында 2006 жылдан бері Азиаданың жетісайыс түрінен медаль болмаған еді. Ол кезде Ольга Рыпакова чемпион атанған болатын, кейіннен ол үш қарғып секіруден ел қоржынына үш Олимпиада медалін салды.

Еске сала кетейік, жетісайыс бағдарламасында қыздар 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіруден бақ сынайды. Чистякова ұзындыққа секіруде үздік шығып, 200 метрге жүгіруде екінші нәтиже көрсетті, бұл оған жалпы есепте үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Алина Чистякованың медалі - 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Азиадада иеленген төртінші қола жүлде. Бұған дейін Ислам Сәтпаев 50 метрге нысана көздеуден үшінші орын алды, байдаркада есуден әйелдер құрамасы 500 метрлік қашықтықта медаль жеңіп алды, ал шпагамен семсерлесуден әйелдер құрамасы бұл бағдарлама түрі бойынша Азиада тарихындағы алғашқы қоланы еншіледі. Қазіргі уақытта біздің команданың қоржынында барлығы 29 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 13 қола. Жалпы есепте Қазақстан төртінші орында келеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды