Алатау ауданы санитарлық тазалап, жасыл аумақтарды күтіп ұстауға көңіл бөліп, қоғамдық кеңістікті абаттандырып жатыр. Ауданда 730 көше бар. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шағын аудандарды тазалау, ағаштарды қырқу, балалар алаңын сырлау мен қоғамдық аумақтарды қалпына келтіру жұмысы күшейтілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі қалалық ортаны күтіп ұстау бойынша атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған міндет туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге 111 арнаулы техника мен 260 жұмысшы жұмылдырылған. Күнделікті тазалық жұмысына 730 көше, 300 шақырым арық желісі, 60 шақырым өзен арнас мен 54 шақырым габиондық каналдар қамтылған.

Қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіру жұмысы да жалғасты. 2025 жылы ескі үлгідегі 255 контейнер пластикалық контейнерлерге ауыстырылып, Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы қосымша 73 жерасты контейнерін орнатты. Аудан әкімі аумақты көгалдандыру жұмыстары туралы да айтты.