Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың алғашқы сессиясында берген тапсырмаларын орындау аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте жаңа перинаталдық орталық пен халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу жобалары жүзеге асырылуда. Нысандардың құрылысын жалғастыруға қосымша 33,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде денсаулық сақтау нысанына – 10 млрд теңге, ал екінші ұшу-қону жолағына 23,5 млрд теңге бағытталды.

Ақжайық шағын ауданында 200 төсек-орынға арналған жаңа перинаталдық орталық салынуда. Медициналық мекеме жылына 7 мың босануға арналған және ана мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді. Акушерлік, гинекология және неонатология бөлімдерімен қатар, мұнда күрделі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге ем жүргізуге арналған неонаталдық хирургия қызметі ұйымдастырылады. Сондай-ақ диагностикалық зертхана, генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған база, консультациялық және оңалту бөлімшелері қарастырылған.

Нысанды пайдалануға беру төсек-орын қорын ұлғайтуға, қолданыстағы клиникаларға түсетін жүктемені азайтуға, акушерлік және неонаталдық қызметтердің қуатын арттыруға, сондай-ақ жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында шамамен 800–1000 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары биыл қаңтардың соңында басталды.

Жаңа орталықтың салынуы мегаполис халқының өсуі мен бала туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты қажет болып отыр. Жыл сайын Шымкентте 30 мыңнан астам сәби дүниеге келеді, қазіргі таңда босану кезінде медициналық көмекті төрт медициналық ұйым көрсетеді.

Сондай-ақ Шымкентте 2025 жылғы қазан айынан бері халықаралық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағының құрылысы жалғасып жатыр. Жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 900 метр, ені 75 метр болмақ. Ол заманауи жарық сигнал беру жабдықтарымен жарақтандырылып, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді. Бұл күрделі метеорологиялық жағдайлар мен көріну мүмкіндігі шектеулі кезде әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстарының қажеттілігі қолданыстағы ұшу-қону жолағының жағдайына байланысты туындап отыр. Оған күрделі жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген, ал кезекті жөндеу 2027 жылы қажет. Оны жүргізу әуежай жұмысын ұзақ уақытқа тоқтатуға алып келер еді. Бұдан бөлек, қолданыстағы жолақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің нұсқамасына сәйкес ұзартуды талап етеді. Жобаны жүзеге асыру әуежай инфрақұрылымын одан әрі дамыту кезеңінде оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ауыр жүк тасымалдаушы және жолаушы ұшақтарын қабылдау мүмкіндігін арттыруға, халықаралық жүк тасымалдарын кеңейтуге және Шымкенттің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Мемлекет басшысының Қазақстанды Еуразияның жетекші авиациялық хабына айналдыру, әуе хабтарды белсенді дамыту және оларды жаһандық логистикалық тізбектерге интеграциялау жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. 

Жалпы, аталған құрылыс жобаларын жүзеге асыру өңір тұрғындары үшін медициналық және көлік қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге, олардың сапасын арттыруға және халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
21 комментарий
  • Karl
  • 16-10-2026, 15:08
  • : 15:08
References: Osko pokies for Android osko pokies real money
  • Maxie
  • 16-10-2026, 15:57
  • : 15:57
References: Australian online casinos that accept bank transfer best bank transfer casinos australia
  • Marco
  • 17-10-2026, 04:34
  • : 04:34
References: Best payid pokies sites payid pokies instant withdrawal australia
  • Tammara
  • 17-10-2026, 05:42
  • : 05:42
References: 5 dollar deposit pokies osko online pokies Australia instant withdrawal
  • Celia
  • 17-10-2026, 09:13
  • : 09:13
References: Payid pokies sites jzq5.cn
  • Anya
  • 17-10-2026, 09:26
  • : 09:26
References: Free spins payid pokies australia www.seafishzone.com
References: Instant withdrawal payid pokies aupeopleweb.com.au
  • Julie
  • 17-10-2026, 21:28
  • : 21:28
References: Real money pokies bank transfer australia bridgedesign.space
  • Flor
  • 18-10-2026, 05:04
  • : 05:04
References: Play pokies online that accept bpay https://jszst.com.cn/home.php?mod=space&uid=7333580
  • Brittny
  • 18-10-2026, 13:42
  • : 13:42
References: Fast payout MiFinity casinos Australia trusted MiFinity casinos Australia
  • Irving
  • 18-10-2026, 16:35
  • : 16:35
References: Mastercard prepaid casino australia new mastercard casinos australia
  • Tanya
  • 18-10-2026, 22:40
  • : 22:40
References: Neosurf high roller casino australia how to use neosurf at casino australia
  • Maggie
  • 19-10-2026, 04:56
  • : 04:56
References: Neosurf voucher casino australia https://md.interhacker.space/HXwNQm_aRw6Yozq-14pZ5g
  • Marisol
  • 19-10-2026, 14:02
  • : 14:02
References: Online gambling wire transfer australia Australian wire transfer casino
  • Mac
  • 19-10-2026, 14:59
  • : 14:59
References: Wire transfer online gambling australia australian online casinos that accept bank transfer
  • Shelton
  • 19-10-2026, 19:29
  • : 19:29
References: Bank wire pokies australia wire transfer casino payout Australia
  • Blaine
  • 20-10-2026, 03:45
  • : 03:45
References: Bpay osko online pokies forum.djwx.com
  • Jamaal
  • 20-10-2026, 05:47
  • : 05:47
References: Highest paying payid pokies australia pandora6666.com
  • Rory
  • 20-10-2026, 07:50
  • : 07:50
References: Payid casino online pokies payid pokies real money
  • Lincoln
  • 20-10-2026, 17:57
  • : 17:57
  • Lorenzo
  • 20-10-2026, 19:29
  • : 19:29
References: Wire transfer pokies app australia wire transfer casino payout time Australia
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды