Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді

Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібін сақтауына және көші-қон заңнамасының талаптарының орындалуына тұрақты бақылау жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы бағыттағы профилактикалық іс-шара Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі мен учаскелік полиция инспекторлары демалыс орындары, ауылдық және таулы аймақтардағы нысандарды аралап, шетел азаматтарының құжаттары мен ел аумағында болу заңдылығын тексерді.

Шара барысында 70-тен астам шетел азаматы полицияға жеткізіліп, олармен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Кездесуге полиция бөлімінің басшылық құрамы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы және теолог маман қатысты. Сонымен қатар шетел азаматтары тұратын аулалар тексеріліп, Қазақстан аумағында болу тәртібі мен заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме берілді. Полиция көші-қон саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты