Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасының 3 мыңнан астам бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Базарлар мен вокзалдар, құрылыс нысандары мен фермерлік шаруашылықтар, фастфуд павильондары және өзге де нысандар полицияның ерекше бақылауында. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу рұқсаттарын, еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттарының бар-жоғын тексереді. Жұмыс "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде.
Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында көші-қон заңнамасының 3334 бұзушылығын анықтады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін 10 шетел азаматы ел аумағынан тыс шығарылды. Ең жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі — Қазақстан азаматтарының шетелден келген қонақтар туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарламауы. Сондай-ақ шетелдіктер Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін жиі бұзады. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында барлығы 10775 шетел азаматы тұрады, олардың 6347-сі — тұрақты негізде, ал 4428 ТМД елдерінің азаматтары уақытша тұруға рұқсат алған.