Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік комиссия энергиямен жабдықтаудың сенімділігін және энергия жүйесінің орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды қарады

Мемлекеттік комиссия энергиямен жабдықтаудың сенімділігін және энергия жүйесінің орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды қарады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында орын алған технологиялық ақаулардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Энергетика министрлігі мен «KEGOC» АҚ компаниясы бірінші басшыларының технологиялық ақаулардың себептерін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептері тыңдалды.

Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын жетілдіру, мемлекетаралық түйісу тораптарында аварияға қарсы автоматиканың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Басты назар тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауға, шекаралас мемлекеттермен жүйеаралық байланыстарды қамтамасыз етуге, Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3, «Түркістан» бу-газ қондырғысы және басқа да энергетикалық нысандардың маневрлік генерациясын дамытуға аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға технологиялық ақауды тексеру қорытындылары бойынша іс-шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды