Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әуе кемесінде тәртіп бұзған шетелдік жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды

Әуе кемесінде тәртіп бұзған шетелдік жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсін орындау барысында болған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.

– Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан, – деді Құрмет Мәжікенов. 

Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу. Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Көліктегі ПД қызметкерлері әуе кемесінің борты – жауапкершілігі жоғары аймақ екенін қатаң түрде еске салады. Экипаж талаптарына бағынбау және агрессивті мінез-құлық жауапсыз қалмайды. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды