Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұшақ бортында жанжал шығарған мас жолаушы 10 тәулікке қамалды

Астанада ұшақ бортында жанжал шығарған мас жолаушы 10 тәулікке қамалды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Анталия – Астана рейсінің жолаушысы әуе кемесінің бортында жанжал шығарып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анталия – Астана бағыты бойынша ұшып келе жатқан әуе кемесі қонуға үлгермей жатып, жолаушылардың бірі борттағы тәртіпті бұза бастаған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам өзін агрессивті ұстап, былапыт сөздер айтып, басқа жолаушыларға кедергі келтірген. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін жолаушы көлік полицейлеріне тапсырылды. Тексеру барысында тәртіп бұзған азаматтың 44 жастағы елорда тұрғыны екені анықталды.

Алайда ұшақ қонғаннан кейін де жағдай жалғасын тапты. Оны полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты полицейлер арнайы құрал – кісен қолдануға мәжбүр болды. Тексеру қорытындысы бойынша ер адам алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу фактісі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді