Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты

Шымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте World Cleanup Day халықаралық күніне және республикалық «Таза Қазақстан» бастамасына орай ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары, волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жалпы 43 мыңнан астам тұрғын бірігіп, қаламыз бен табиғи аумақтарды таза ұстауда белсенділік танытты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күнінің таңы Астана алаңында мыңға жуық мектеп оқушысын, студенттерді, жоғары оқу орындарының өкілдері мен волонтерлік ұйымдардың мүшелерін біріктірген жастар жиынымен басталды.

Сенбілік басталар алдында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, аулаларда, көшелерде және қоғамдық орындарда тазалық сақтау қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыратыны айтылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жиналған мың волонтер қаладағы бес аудан бойынша топтарға бөлінді. Оның ішінде, 200-ге жуық адам қалалық дендросаябақта тазалық жұмыстарын жүргізсе, қалғандары көшелерде, саябақтарда және аулаларда жұмыс істеді.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында көпшілік аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш жапырақтарын, қоқыс жинауға атсалысты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков көпшілікке қоршаған ортаны, өз ауламызды таза ұстаудың маңызды екенін атап өтті. Табиғи ортаны сақтау және қоршаған ортаны  байытуға да ерекше көңіл бөлінді. Қала әкімі акцияға қатысушылармен бірге дендрологиялық саябаққа 25 қырғауылды ұшыру, 10 тиін мен су айдынына 150 келі балықты жіберу іс-шарасына куә болды.

Жалпы, бұл күні қала бойынша 270 тоннадан астам тұрмыстық және басқа да қалдық шығарылды. Сонымен қатар ирригациялық арықтар тазаланып, көшелер жуылды.

Сондай-ақ, кеше қаладағы мешіт аумақтарында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мешіт жамағаты белсенді қатысып, ғимарат айналасын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді