Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл сайын 55 мыңнан астам қазақстандыққа ісікке қарсы терапия тегін көрсетіледі

Жыл сайын 55 мыңнан астам қазақстандыққа ісікке қарсы терапия тегін көрсетіледі
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда азаматтарға онкологиялық ауруларды емдеу мемлекет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Пациенттерге заманауи ісікке қарсы 150 түрлі дәрілік препарат, ПЭТ/КТ диагностикасы, жоғары технологиялық операциялар және сәулелік терапияның заманауи әдістері қолжетімді. Жыл сайын 55 мыңнан астам адам дәрілік ісікке қарсы терапия алады.

Бүгінде елімізде 102 химиотерапиялық, 45 таргеттік және 3 иммуноонкологиялық препарат қолданылады. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда Қазақстан азаматтарына қажетті дәрілік терапия ТМККК шеңберінде ұсынылады.

Нақты препарат пен емдеу схемасын дәрігер диагнозды, аурудың сатысын, пациенттің жағдайын және ісіктің сипаттамаларын ескере отырып, әр пациентке жеке анықтайды.

Қазақстанда 19 ПЭТ/КТ аппаратымен жабдықталған 10 ядролық медицина орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар төрт циклотрондық-өндірістік кешен және бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томография жүргізуге арналған жеті аппарат бар.

ПЭТ/КТ медициналық көрсетілімдер бойынша тағайындалады. Тексеруге жолдаманы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйым рәсімдейді, ал пациенттерді маршрутизациялау республикалық деңгейде үйлестіріледі.

Қазақстандық пациенттерге онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістері, оның ішінде таргеттік және иммуноонкологиялық терапия, жоғары дозалы химиотерапия және жасушалық иммунотерапия қолжетімді.

Онкологиялық орталықтарда ағзаны сақтауға бағытталған және реконструктивтік күрделі операциялар жасалады, аз инвазивтік және роботтық технологиялар қолданылады. Жекелеген бағыттарда үш өлшемді модельдеу және жеке дайындалатын сүйек имплантаттары, нейрохирургияда навигациялық жүйелер, лапароскопиялық және торакалдық хирургиялық араласулар пайдаланылады.

Елімізде сәулелік терапия жүргізуге арналған 40-тан астам аппарат, оның ішінде 26 желілік үдеткіш жұмыс істейді. Жыл сайын шамамен 15 мың пациент сәулелік терапия алады.

2025 жылы Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы протондық терапия орталығы да ашылды. Онкологиялық практикаға сәулелік емдеудің заманауи технологиялары, оның ішінде адаптивтік, төрт өлшемді және стереотаксикалық терапия, сондай-ақ жоғары дозалы брахитерапия енгізілді.

Егер пациентте тексеру, тағайындалған препараттар, емдеу немесе емдеуге жатқызу бойынша сұрақтар туындаса, ең алдымен емдеуші дәрігерге немесе бөлім меңгерушісіне жүгіну қажет.

Сондай-ақ пациент пен оның жақындары өзі ем қабылдап жатқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) немесе онкологиялық орталықтың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Мұнда медициналық көмекті ұйымдастыру және одан әрі емделу маршруты бойынша түсіндірме алуға болады.

Амбулаториялық жағдайда барлық консультациялар мен диагностикалық іс-шаралар жалпы кезектен тыс пациенттерге басымдықпен қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін «жасыл дәліз» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі – он сегіз жұмыс күніне дейін.

Мамандандырылған медициналық көмек деңгейінде онколог дәрігер диагнозды морфологиялық тұрғыдан верификациялауға және ісік процесінің таралу дәрежесін анықтауға бағытталған диагностикалық зерттеулердің толық кешенін жүргізеді.

Қазақстан азаматтарына онкологиялық көмек ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді