Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен корейлік CONTEC Space Group ғарыш саласындағы ынтымақтастықты пысықтауда

Қазақстан мен корейлік CONTEC Space Group ғарыш саласындағы ынтымақтастықты пысықтауда
Фото: primeminister.kz

Сеулде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Оңтүстік Кореяның ғарыш саласындағы негізгі компанияларының бірі - CONTEC Space Group компаниясының құрастыру-сынау кешеніне барды. Компанияның басқарма төрағасы Ли Сонхимен кездесуде бірлескен технологиялық және инвестициялық жобалардың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында CONTEC компаниясының «Ғалам» жобасына инвестиция салу жоспарлары, спутниктер мен олардың компоненттерін бірлесіп өндіру, сондай-ақ жерүсті стансаларының желісін дамыту мүмкіндіктері қаралды.

Перспективалы бағыттардың бірі Қазақстанда спутник компоненттерін шығарып, кейін оларды Орталық Азия, Таяу Шығыс және Еуропа нарықтарына жеткізетін өндірістік хаб құру. Сондай-ақ ірі габаритті жерүсті антенна жүйелерінің өндірісін локализациялау мәселесі қарастырылуда.

Жасанды интеллектіні қолдана отырып, спутниктік суреттерді өңдеу технологияларын дамытуға да ерекше назар аударылды. ЖИ қолдану Жерді қашықтан зондтау деректерін талдау және оларды практикалық міндеттерді шешуге пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

CONTEC Space Group құрамына CONTEC, Asia Pacific Satellite Corporation және Texas Space Communication компаниялары кіреді. Топ Оңтүстік Кореяның мемлекеттік спутниктеріне арналған борттық компьютерлерді жеткізеді және әлем бойынша, соның ішінде Чили, АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы мен Австралияда орналасқан 17 жерүсті стансасын басқарады.

Алдағы уақытта Қазақстанда CONTEC еншілес компаниясын құру жайы және әріптестік шарттарын одан әрі пысықтау мәселесі қарастырылмақ. Ынтымақтастықтың егжей-тегжейін Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында таныстыру жоспарлануда.

Талқыланып жатқан бастамаларды жүзеге асыру қазақстандық кәсіпорындардың ғарыш техникасын өндіру мүмкіндіктерін кеңейтуге, спутниктік деректерді өңдеу құзыреттерін дамытуға және жаңа экспорттық нарықтарға шығуға ықпал етеді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді